Бала тәрбиесінде «керек» деген сөз жиі қолданатындар ата-аналар баласының тілазар болып өсетінін байқаған. Тым қатал болу, талаптар қою баланың психологиясына кері әсер етеді. Сонымен, мектеп жасындағы балаға айтылуға тиісті емес «керектердің» тізімі төмендегідей:

  • Түсінбейтін еш нәрсесі жоқ, сенің мұны жаттап алуың керек;
  • Дәл қазір ұйқыға жат, ертең ерте тұруың керек;
  • Сенің басқа балалардан қай жерің кем, сен бәрінен бірінші болуың керек;
  • Мен мектепте үздік оқығанмын, сен де сондай болуың керек;
  • Жұрттың баласы бала сияқты, сен де сондай болуың керек;
  • Сен «бестік» алмасаң, мен басқалардан ұяламын;
  • «Ананың» баласымен дос болма, «мынаның» баласымен дос бол;
  • Сабағыңды оқып болмайынша, тамақ ішпейсің, теледидар көрмейсің;
  • Сен мен айтқан мамандықты таңдауың керек;
  • Сен өскенде танымал тұлға, бай болуың керек.

Балаңыздың болашағы жарқын болсын десеңіз, аталған сөздерді айтудан аулақ болыңыз.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!