Басты бетЭкономикаҚазақстандық кәсіпкерлердің...

Қазақстандық кәсіпкерлердің 50 пайызы әйелдер

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Қазақстанда жүргізіліп жатқан гендерлік теңдік саясатының жұмысы туралы да айтты.

«2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бар. Бұл стратегия өз жұмысын аяқтап, 2030 жылға дейінгі жаңа гендерлік даму тұжырымдамасы қабылданды. ЕҚЫҰ-ның қолдауымен біз ерлер мен әйелдердің теңдігі, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөнінде екі заң қабылдадық. Бұл заңдар жұмыс істеп тұр. Уақыт талабына сай оларға өзгерістер енгізіледі», — деді ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесуі кезінде Гүлшара Әбдіхалықова.

Оның мәлімдеуінше, қазір Қазақстан экономикасындағы әйелдердің үлесі 50 пайызды құрайды.

«Елде әйелдер қоғамдық және саяси өмірде, экономикада, әлеуметтік салаларда жұмыс істей алатындай жағдай жасалған» — деді Мемлекеттік хатшы.

Дереккөз7kun.kz