Тәжікстан билігі оқушылар мен студенттерге талапты күшейтті

Тәжікстан президенті білім беру жөніндегі заңға өзгерістер енгізді. Жаңа заңға сәйкес, оқу орнына көлікпен баратын студенттер оқудан шығарылады.

Тәжікстанның білім және ғылым министрі Нуриддин Саидтың айтуынша, ережені бұзған студенттер ЖОО-дан үш жылға шеттетіледі.

Тәжікстанның білім министрлігі оқушылардың киіміне қатысты талаптарды да күшейтті. Білім министрлігінің ресми сайтында жарияланған ережеге сәйкес оқушыларға мыналарға тыйым салынады:

  • хиджаб,
  • тар, жыртық джинсилер, (қыс мезгілінде қарапайым джинсы шалбар киюге рұқсат беріледі),
  • қысқа және тар белдемше,
  • Жарнамасы бар футболкалар,
  • спорт киімдері (дене шынықтыру және сенбіліктен тыс уақытта киюге болмайды),
  • құлаққа бірнеше сырға тағу,
  • макияж,
  • тырнақты өсіру,
  • сақал өсіру,
  • татуировка жасау.

Ал ұлттық киімдер мен тақия киюге рұқсат беріледі екен.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version