Басты бет Қоғам Дін істері және азаматтық қоғам министрі хиджаб мәселесі туралы пікір білдірді

Дін істері және азаматтық қоғам министрі хиджаб мәселесі туралы пікір білдірді

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев хиджаб мәселесі туралы пікір білдірді. 

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда еліміздің бірнеше заң актілеріне түзетулер мен өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Бұл туралы zakon.kz жазды.

«Бұл азаматтық қоғамнан келген бастама. Соның ішінде қоғамдық орындарда адамның бетін жауып, оның түрін көруге, тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салу туралы ұсыныстар бар. Ол — барлық әлемде бар тәжірибе. Себебі, аталған мәселе қауіпсіздік, этика, елдердің ұлттық мәдени дәстүрлерін сақтау істеріне де қатысты»,- деді Нұрлан Ермекбаев.

Ал мектепте хиджаб кию туралы мәселеге министр Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып қарайтынын айтты.

«Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қатысты бұйрығы бар. Ол — Әділет министрлігінде тіркелген толыққанды заң актісі. Заң болғаннан кейін мектептерде де басқа мекемелердегі сияқты шариғат немесе өзге де діни сенімдер мен конфессиялардың талабы емес, зайырлылық заңы сақталады»,- деді министр.

6 пікір

  1. Ассалямуалайкум неге болмаска болады кийсе бирак миндетти турле ак киймешек болу керек жинакы болуы шарт ол ешкимге кедерги келтирмейди

  2. Қандай заң шығарсаңыздарда Алланың заңына қарсы келмеңіздер. Себебі адамның заңы уақытша, ал Алланың заңы мәңгілік. Біреу айтса бәрі соның соңынан ылығып еріп кетпей әркім өз пікірін жеткізу шарт, себебі іште сақтап оны нестейсін айт көрсет өзіңді жігерлен одан сен шеттелмейсін, қайта Алланың рыйзалығына бөленуді ойлаңыздар.

  3. Хыйджапты мектеп формасынан алуға асықпаңыздар ойланыңыздар ол біздің салтымызға жақын нәрсе. Қайта оны жарнамалап дәрежесін өсірмеймізба. Орысқа еріп ұлттығымызды жоғалта беремізба, орыстар өздерінің салттарын жоғалтқан кәзір ұлт жоғалу үстінде оларға қарасақ. Анықтап қараңдар шүберек жаппаған жерді наколка жауып жүрмесін.

  4. хиджабты иманды отбасынан шыққан тәрбиелі қыздар ғана киеді оған жүрегінде дерті бар имансыздар қарсы шығады ол заңды құбылыс сабыр қылаиық алаһтың жеңісі келеді

  5. Сарыағаш медресесінің директоры Сманов Абдыгаппардың уағызы бар ютебте онда айтады жаңа жылды мейрамдағандар кәпір ал қатыны ұш талақ дейді,оны ешкім байқамайды,бізді елбасымыз жылда жаңа жылмен құтықтап жаңа жылды атап өтеді,сонда біздің сүйікті елбасымыз кәпір де үйіндегі жеңшеміз ұш талақ па, жаңа жыл иса пайғамбардың туған күні,ал құдайдың пайғамбарларын мойындау мұсыманшылықтың бір белгісі,сол уағызды көріп еш өеімет орындары шара қолданбайды,сол смановтар барлық жерде қайрат Сатыбалдының атын жамылып жүреді,сол қайрат сатыбалды ағайына елбасымыздың абыроиын қорғайын деп әрекет қылмайды,бұл қалай ағайын туғанды сыйлау құран бойынгша парыз ғой,салафиттермен сөйлессең бәрінің айтатыны олардың крышасы қайрат сатыбалды,осы қайрать сатыбалды Қазақстан заңына бағына ма әлде жоқ,сарыағаш медресісіне мешіт салуға қырау ақша береді бірақ медрессе салық органдарына 130 формалы есеп бермейді,сонда қайрат сатыбалды садақаны таза пайдасынан беріп отыр ма әлде ол садақадан салық төленбеген ба мына істеріне қарағанда салық төленбеген ғой осы егер бәрі таза болса заң талабымен неге істемейді,сарыағаш медресесі салафиттердің иделогиялық орталығы,анекдотта айытқандай басмаштардың қорбасын басмаштарға қарсы қойыпты дегендей, Сарыағаш медресесінің басшылары киімдері соны айтып тұр ғой,сманов абдыжаппар 1994 жылдан бері Өзбекстанға кіре алмайды,оған онда радикал деп іс қозғалған,сманов абдыжаппар Қазақстан муфтиятының Өзбекстаннан бөлінуіне қарсы болған оған ратбек қажы куә,сманов абдыжаппар қазақстанда қыз жоқтай афғаныстаннан қатын алды афғаныстанға барып келіп жүреді елде өсек бар мешет салуға ақшаны талибандар беріп отыр деп,ал қайрат сатыбалдың атын ол жамылып отыр деп,соғыс болып жатқан жерге есі дұрыс адам бара ма,соғыс болып жатқан жерден адам қатын ала ма ол жерде басқа іс бар оны компетентный органдар тексеру керек,уақтында сманов абдыжаппар 1993 жылға дейін қазақстанды кәпірлер мемлекеті деп талай айытқан,ал өзбкстанды иманды мемлекет деген,ташкентте болған 1993 жылғы молдалар қозғалысынан кейін ол үшін Өзбекстан кәпірлер елі болды, ал бізде оны тыңдасаңыз ол президентпен шай ішіп отырған адамдай айтады, осындай өткенін тез есінен шығаратын адамға дәстүрлі емес дині ағымды қолдайтын адамға медресені басқаруды кім берген екен ос сұрақ қайрат Сатыбалдыға және дін министріне,осындай адамдардың кесірінеен қытайда қазақ бауырларымыз қыйналып жүр қытай өз мүддесін қорғап жатыр,өзбекстан шекараны ашпады,осы адамдардың кесірі

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version