Басты бетЖаңалықтарАлматыда Бас...

Алматыда Бас мүфти 1000 балаға мектепке қажетті оқу құралын табыстады

«Білім алу, үйренуге ұмтылу – шынайы мұсылмандық қасиет. Аллаға шүкір елімізде сіздердің заманауи білім алып, білікті маман атануларыңыз үшін барлық жағдай жасалып келеді. Сол себепті де, терең білім алу жолында аянбай, талмай ізденіп, ел тізгінін берік ұстайтын азамат болып өсулеріңізге тілектеспін. «Мектепке жол» акциясы жыл сайын жүзеге асатын дәстүрлі ізгі жобаға айналды. Осынау сауапты бастамаға үлес қосып, демеушілік жасаған дін жанашырларына, жекелеген азаматтарға алғыс айтамыз. Алла Тағала ізгі амалдарыңызға сауаптан жазып, мейіріміне бөлесін», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясының басты мақсаты — аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға мектепке барар кезінде киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары, оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, демеу жасау.

 «Маған мектепке қажетті заттарды берді. Оның ішінде сөмке, дәптер, күнделік, сызғыш, өшіргіште бар.  Өтте қуаныштымын. Енді жақсы оқып, білім алатын боламын», – дейді 5 сынып оқушысы Абдулазиз Мәуленқұл.

«Мектепке жол» акциясы республика бойынша әр мешітте жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Еске сала кетейік, 2016 жылы Алматы қаласы бойынша 1500 оқушыға мектеп формасы мен қажетті заттар табысталған.