Басты бет Экономика Kaspi Bank қылмыскер туралы ақпаратқа 5 миллион теңге төлейді

Kaspi Bank қылмыскер туралы ақпаратқа 5 миллион теңге төлейді

22 тамыз күні Талғардағы Kaspi Bank бөлімшесінен 40 млн теңге ұрланған. Банк басшылығы тонаушылар туралы ақпарат жеткізгендерге 5 миллион теңге сыйақы беретінін хабарлап отыр.

«Талғарбөлімшесін тонау кезінде Kaspi Bank шығын көлемі 40 млн теңгені құраған. Аталғансома толықтай банктің өз есебінен жабылады. Біз үшін ең маңызды нәрсе — клиенттеріміз бен қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығы. Қалғаны орны толатын олқылықтар», — дейді банктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, банк басшылығы қылмыскер туралы ақпарат үшін 5 миллион теңге сыйақы тағайындады.

«Kaspi Bank 22 тамыз күні Талғар қаласындағы бөлімшеге қарақшылық шабуыл жасауға қатысы бар қылмыскерлерді ұстауға мүмкіндік беретін маңызды ақпаратты ұсынғандарға 5 миллион теңге сыйақы береді. Бұл ақпаратты банктің Қауіпсіздік қызметіне +7 747 388 29 34 телефоны арқылы хабарлауға болады», — деп жазылған хабарламада.

Банктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қарақшылық шабуыл кезінде ғимаратта банк клиенттері болмаған. Банк қызметкерлері де зардап шеккен жоқ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version