Ольга Рыпакова Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін 20 мың доллар сыйақы алды

Лондонда өткен үш қарғып секіруден әйелдер арасындағы бәсекеде отандасымыз қола жүлде жеңіп алған еді. 

©zimbio.com

Әлем чемпионатының жүлде қоры 7,3 миллион долларды құраған еді. Ол тек үздік үштікте көрсетілген спортшыларға ғана емес, алғашқы сегіздікке енгендерге де берілді:

  • 1-орын – 60 мың доллар;
  • 2-орын – 30 мың доллар;
  • 3-орын – 20 мың доллар;
  • 4-орын – 15 мың доллар;
  • 5-орын – 10 мың доллар;
  • 6-орын  – 6 мың доллар;
  • 7-орын – 5 мың доллар;
  • 8-орын – 4 мың доллар;

Сондай-ақ, әлем рекордын орнатқан спортшыға 100 мың долларлық жүлде тағайындалған.

Осылайша, Лондондағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған Юлимар Рохасқа — 60 мың доллар, Катрин Ибаргуэнге — 30 мың доллар, Ольга Рыпаковаға 20 мың доллар сыйақы берілді.

Ольга Рыппакова Әлем чемпионаты 2017
Әлем чемпионаты- 2017 жүлдегерлері, ©zimbio.com

Айта кетейік, Ольга Рыпакова үшінші рет әлем чемпионатынан жүлде алды. 2011 Тэгуде күміс, ал 2015 Бейжіңде қола жүлдегер атанған қызымыз 2017 жылы Лондонда да үшінші орынға ие болды. Бұл – үлкен жетістік әрі 14,77 метр – оның биылғы ең үздік көрсеткіші.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version