ЭКСПО: Ауғанстан Ислам мемлекетінің Ұлттық күні аталып өтті

Ұлттық күн мерекесiнiң ашылу салтанатына Ауғанстан Ислам мемлекеті Атқарушы билiгiнiң басшысы Абдулла Абдулла мен ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек қатысты.

ҚР Инвестициялар және даму министрi шара барысында ауған компанияларын Қазақстан нарығындағы инвестициялық белсендiлiгiн арттыруға шақырды. Жеңіс Қасымбектің, Қазақстан мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы қарым-қатынастың әлеуетi зор.

Өз кезегiнде сөз алған Ауғанстан Ислам мемлекеті Коммерция және индустрия министрi Хумайон Расаев Қазақстан мен басқа халықаралық қатысушыларға жасаған көмектерi үшiн алғысын білдірді.

«Қазақстан елінің қолдауының арқасында ауған халқының өмiрi жақсы арнаға қарай бет алды. Алдағы уақытта барлық салалар бойынша достық әрi әрiптестiк қарым-қатынасымыз нығаяды деген сенімдеміз. Ал осы байланыстың өзегі болып энергия саналмақ әрі бұл құбылыс ары қарай жалғасын табады деген үміттеміз. Астанада жоғары деңгейде өтiп жатқан ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесi бүкiл әлемге Қазақстанның даңқын шығарды. ЭКСПО-2017 Ауғанстан Ислам мемлекетінің энергетикалық басымдықтарға, мiндеттерге және болашақ ынтымақтастық саласына назар аударуымызға көмектестi», — деген Хумайон Расаев Астанада өтiп жатқан әлемдің деңгейлегі көрмеге қатысу зор мәртебе екенiн атап өттi.

Ауғанстан Ислам мемлекетінің Ұлттық күні мерекесі аясында «ANIM» «Afghanistan National Institute of Musi» музыкалық-аспапты ұжымы өнер көрсетті. Концерттен кейiн қатысушылардың барлығы мерекелiк шерумен Ауғанстан павильонына барды. Бұдан кейін ЭКСПО-2017 қонақтары «Жібек Жолы» плазасына дейінгі шеруге қатысты.