Ауғанстанның әскери мамандары Қазақстанда даярлануы мүмкін

Кездесу барысында екі елдің аймақтық қауіпсіздік жөніндегі серіктестігі қаралып, терроризм, діни экстремизммен бірлесе отырып күресу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ауғанстан елдеріндегі аймақтық және халықаралық ұйымдардың өзара байланысы, жұмыс нәтижелері сарапқа салынды.

Сондай-ақ, әскери мамандарды даярлау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қазақстан өз тарапынан ауғандық кіші әскери мамандарды даярлап шығуға ұсыныс білдірді. Яғни, алдағы уақытта артиллерия, авиация, бронетехника саласының мамандары біздің елімізде даярлануы мүмкін.