ЭКСПО: 22 тамыздан бастап Венеция апталығы басталады

Италия павильоны Астана ЭКСПО-2017 көрмесі аясында халықаралық деңгейдегі бірқатар мәдени іс-шаралар ұсынылады:

22 тамыз, Италия павильоны, басталуы сағат 10:30 — “Венето өңірінің энергетикалық секторының инновациялары, кәсіпорындары және Стартаптары”. Бұл шарада өңірлік стартаптар және ШОК технологиялық және іскерлік әріптестік бойынша ұсыныстарын жасамақшы.

24 тамыз, Италия павильоны, басталуы сағат 10:30 — “Түпнұсқалылық, инновациялар, тұрақтылық: Conegliano Valdobbiadene Prosecco Superiore Docg энергиясы”. Семинардың мақсаты әлем мойындаған Венето өңіріндегі шарап өндірісінің ерекше және инновациялық жүйелері туралы хабардар ету.

24 тамыз, Италия павильоны, басталуы сағат 14:00 — “Жаңғыртылатын энергия көздерін жоғарылату үшін стационарлық және мобильдік сақтау: Италия — Венето өңіріндегі зерттеулер нәтижесі мен өнеркәсіп”. Семинарды энергияны сақтау саласының ғылыми-техникалық инновацияларымен айналысатын венециандық зерттеу институттары, мемлекеттік және жеке компаниялар ұсынады.

Толық ақпарат алу үшін және сауалдар бойынша мына электронды мекенжайға хат жолдауға болады:  [email protected].