Басты бетЖаңалықтар"Нұрлы жермен"...

«Нұрлы жермен» ипотекалық несие 5%-дық мөлшерлемемен беріледі

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша біз өңірлерде ипотекалық несие береміз. Астанада әлі де нысандар жоқ, ал барша республика бойынша бар. Атап айтқанда, Астанадағы нысан қыркүйектің басында пайдалануға берілуі тиіс еді, қазіргі кезде ол жерге инфрақұрылым тартылып жатыр және жылдың соңына дейін бұл жұмыстар тәмамдалады. Тағы бір ескерер жайт, елордада өте үлкен конкурс болады»,- деді Ибрагисова «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған Үкіметтегі баспасөз мәслихатында .

Басқарма төрайымының айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелер бес пайыздық мөлшерлемеде беріледі.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынатын баспананың шаршы метрі 180 мың теңгеге бағаланып отыр.