Басты бет Жаңалықтар Байқоңырдан әскери зымыран ұшырылды

Байқоңырдан әскери зымыран ұшырылды

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан әскери зымыран ұшырылды. Әскери мақсаттағы ғарыш құрылғысы бар зымыран-тасығышы «Протон-М» деп аталады.

Ресейдің қорғаныс министрлігі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Ресейдің қорғаныс министрлігінің ғарыш құрылғысы бар күрделі сыныптағы «Протон-М» зымыран-тасығышы сәтті ұшырылғаны туралы хабарлады.

Зымыранды ұшыруды Ғарыш әскерінің қолбасшысы — әуе-ғарыш күштері бас қолбасшысының орынбасары, генерал-полковник Александр Головко өз басшылығына алды.

«Протон-М» зымыран-тасығышын ұшырудан алдыңғы және оны ұшыру операциялары штаттық режимде өтті», — деп мәлім етті РФ Қорғаныс министрлігі.

Бақылау Әуе-ғарыш күштері Ғарыш әскері Г. С. Титов атындағы басты сынақтан өткізу ғарыш орталығының жердегі құралдарымен жүргізілді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version