16 тамызға арналған ауа райы болжамы

Тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін.

Солтүстік және орталық өңірлердің кей жерлерінде тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет».  Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда. Алматы, Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.