Финалда Александр Бублик 6:2, 6:3 есебімен британдық Лиам Броудиді ұтып, екінші рет ATP Challenger турнирінің жеңімпазы атанды.
Бастапқы матчта қазақстандық теннисші Митчелл Крюгерді (АҚШ, 223 ATP) үш сетте ұтқан, есеп: 6:3, 2:6, 6:4.
Екінші айналымда Бублик қарсыласы Генри Лааксоненді (Швейцария, 96 ATP) 6:1, 6:1 есебімен жеңген.
Ширекфиналда Деннис Новиков (США, 219 ATP) 6:1, 6:4 есебімен біздің спортшыға есе жіберген.
Жартылай финалдық матчта қазақстандық теннисші 7:6 (2), 6:3 есебімен австралиялық теннисші Сэмюель Гроттан (184 ATP) басым түскен.
Александр Бублик алғаш рет Мексикада өткен ATP Challenger турнирінде 2017 жылдың ақпан айында жеңіске жеткен.