15 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктерінің болжауынша, бүгін Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады.

15 тамыз күні еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-тан 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал.

Ақтөбе, Павлодар облыстарында желдің күші 15-20 м/с болады.

Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі байқалады.