Daewoo Matiz
Daewoo Matiz — қолжетімді көліктердің бірі. Оны автокөлік базарынан 1 млн 559 мың теңгеге сатып ала аласыз. Жыл басында бұл автокөліктің бағасы 1 059 000 теңге болған.
LADA Granta
LADA Granta автокөлігі қазақстандық автокөлік базарында сатылымы бойынша алдыңғы орындарда тұр. Ең қарапайым моделі 1 669 000 теңге тұрады. Бұл автокөліктің де Daewoo Matiz сияқты жайлылық жағынан кемшілігі болғанымен, қауіпсіздік жастығы бар.
Geely CK
Geely CK — Қазақстанда құрастырылған жалғыз қытайлық автокөлік. Автокөлікті ресми дилерлері 1 млн 930 мың тенгеге бағалап отыр. Темір тұлпардың артықшылығы ABS пен желдеткіші бар.
LADA Kalina
Бағасының арзандығы жағынан 4-орында тағы да бір LADA автокөлігі тұр. Хэтчбектің негізгі құны 2 млн 13 мың теңгеге бағаланды. Негізгі артықшылығы қауіпсіздік жастығы бар.
LADA Priora
Ең арзан машиналар тізімінде LADA Priora автокөлігі де бар. Бағасы 2 млн 38 мың теңге. Седанның 1,6 литрлі 16 клапандық моторы бар. Жиынтығында қауіпсіздік жастығы мен ABS бар. Сонымен қатар, орталық құлып, алдыңғы терезе көтергіші бар.
DAEWOO Nexia
Келесі кезекте DAEWOO Nexia автокөлігі. Қазіргі уақытта бағасы 1 млн 996 000 теңгені құрайды. Бұл еш жиынтықсыз құны. Ал егер сіз толық жабдықталған автокөлік алғыңыз келсе 2 млн 500 мың теңгеге сатып алуыңызға болады. Толық жабдықтың ішіне қауіпсіздік жастығы, рульді күшейткіш, ABC кіреді.
DAEWOO Gentra
Ал арзан автокөліктер тұғырында 7 орынға орналасқан темір тұлпар DAEWOO Gentra. Қазіргі таңда бұл автокөліктің бағасы 2 млн 595 мың теңгені құрайды. Бұл бағаның ішінде толық жабдықталғанымен қоймай ABC және қауіпсіздік жастықтары орналасқан. Ұзындығы 4 метр болатын автокөлікке АИ 91-ден жоғары жанармай қажет.