«Реал» УЕФА Суперкубогын жеңіп алды

Футболдан Еуропаның тұсаукесер ойынында Чемпиондар лигасында "Реал" мен "Манчестер Юнайтед" командалары кездесті.

Командалар маусымға әлі толыққанды дайын еместігіне қарамастан Македония астанасы Скопьеге жиналған жанкүйерлерге тартымды матч көрсете алды.

«Реал» ойыншылары матч соңына дейін өздеріне керек есепті сақтап, УЕФА Суперкубогының иегері атанды.

Ойын «Реал» – «Манчестер Юнайтед» – 2:1 есебімен аяқталды. Голдардың авторы:  Каземиро 22, Иско 53 — Лукаку 65.

Кездесу барысында Лингард 41, Карвахаль 85, Рамос 87, Рэшфорд 90+6 ескерту алды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version