Басты бет Жаңалықтар «Реал» футбол клубы әлемдегі ең қымбат ойыншыны сатып алмақ

«Реал» футбол клубы әлемдегі ең қымбат ойыншыны сатып алмақ

Мадридтік клуб "Монаконың" форварды Килиан Мбаппені 160 миллион еуроға сатып алуға келісті.

Килиан Мбаппе © Eurosport.ru

«Реал» тағы 20 миллион еуроны «Монакоға» бонус ретінде беруі мүмкін.

Екінші бір ақпарат бойынша, «Реал» бастапқыда 150 миллион еуро төлеп, қалған 30 миллионды бонус ретінде беруі мүмкін. «Реал» мен «Монако» ресми түрде келісімшарт жасасқан уақытта, Мбаппе мадридтік клуб сапында алты жылдық келісімшартқа қол қояды. Оның жылдық табысы 7 миллион еуро болмақ. Бұл — салықтан кейінгі түсетін сома.

Осылайша Килиан Мбаппе футбол тарихындағы ең қымбаты ойыншы болуы мүмкін.

Дегенмен қазіргі уақытта рекордтық сома Поль Погбаға тиесілі.

Айта кетейік, өткен жылы «Ювентус» клубы футболшыны «Манчестер Юнайтед» клубына 105-110 миллион еуроға сатты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version