«ҚР Денсаулық сақтау Министрі жедел медициналық қызмет көрсету туралы бұйрыққа қол қойды. Зерттеу нәтижелері бойынша, жедел жәрдем көлігі созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға кешігіп барады екен. Бұл адамды өлімнен арашалау мүмкіндігін азайтады. Сондықтан жедел жәрдем шақырудың 4 категориясы бекітілді», — деді ол.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, өмірге және денсаулыққа қаупі бар тізімге 3 категория кіреді. Науқастар диспетчерлік жедел жәрдем қызметінде қалады және оларға жедел жәрдем көлігі қызмет көрсетеді.
«Ал төртінші категория созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға қатысты. Яғни дәрігердің бақылауында жүрген адамдардың қоңырауы жедел медициналық орталыққа қосылады. Емханаларда жедел медициналық көмек орталықтары бар. Олар 24 сағат бойы қоңырауларды қабылдайды», — деді Ләззат Ақтаева.
Оның айтуынша, бұл өзгерістер жедел жәрдем көлігінің науқастарға тез жетуіне мүмкіндік береді.