Алматы қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасына 120 жыл

Алматы қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасының іргетасы 1896 жылы қаланған.

жедел жәрдем ауруханасы 1896

2006 жылы оның ескі ғимаратын бұзып, орнына әлемдік стандарттарға сай, заманауи құрылғылармен жабдықталған клиника салынды. Оны 2011 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы өзі ашты.

Сол күннен бастап аурухана бірталай марапаттарға ие болды. Олардың соңғысы «Сала үздігі — 2016» халықаралық сертификаты.

 

«Бүгін ерекше күн. Біздің орталықтың халыққа мүлтіксіз қызмет етіп келе жатқанына 120 жыл болыпты. Жаңа ғимараттың ашылғанына 5 жыл. Біздің қызметкерлердің алар асуы көп. Ең бастысы халқымыздың денсаулық деңгейін көтеру керекпіз»,-деді аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев.

120 жылдың мерейтойға арналған салтанатты шараға ресми өкілдер мен осы ауруханада 25-40 жыл жұмыс істеген медицина қызметкерлері қатысты. Солардың бірі — атақты дәрігер, профессор Тұрар Көкеев өз естелігімен бөлісті:

«Бұл жер Қазақстан медицина қызметкерлерін, әсіресе хирургтерді тәрбиелеп шығатын альма-матер. Мына жерде отырғанардың бәрі осы шеберханадан шыққандармыз. Қазіргі жастарды көріп, көңілім жасарып қалды. Осында келгенде бәріміз сендер сияқты едік»-деді ол.

операция ота дәрігерлер

Мерейтой аясында мәскеулік дәрігер, профессор, медицина ғылымдарының докторы Сергей Штыров гинекология саласы бойынша шеберлік сағатын өткізді.

көрермен