Бұл туралы Астана білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова мәлім етті.
«Бірінші қыркүйек — Білім күні еліміздегі Құрбан айт мейрамына сәйкес келуіне байланысты, мектептердегі 2017-2018 оқу жылына арналған салтанатты сап түзеу 2 қыркүйек күні өтеді. Қалалық мектептерде оқу үрдісі өзгеріссіз осы күні басталады. Колледждерде сабақ 18 қыркүйекте басталады,» — деп жазды ол Facebook парақшасында.