Конференция жұмысы басталған соң, мандаттық комиссияның төрайымы А.Бергенованың баяндамасы тыңдалды. Бұдан соң, конференцияда «Қазақстан 2021: Бiрлiк. Тұрақтылық, Жасампаздық» атты сайлауалды тұғырнамасы бойынша ағымдағы жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмыс жайында облыстық экономика жəне бюджеттi жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мəлғаждаров жан-жақты баяндады. Оның мəлiмдеуiнше, бағдарламалық жоспар төрт тарапқа бағытталған.
Соның iшiнде мектептердегi үш ауысымды оқуды болдырмау мақсатында республикалық бюджеттен бөлiнген қаржының жұмсалуына, мектептердi жөндеу жəне жаңа бiлiм ордаларының бой көтеруiне орай жүргiзiлiп жатқан құрылыс жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ, экономикалық жаңғырулар бағытында өңiрде 18 жоба, сонымен бiрге, Астананың азық-түлiк белдеуiн қамтамасыз ету үшiн 12 жоба iске асырылуда. Ет-сүт өнiмдерiн өндiру, оны экспорттау мен импорттау жұмыстары белсендi жүргiзiлiп келе жатқандығына ерекше тоқталды. Мəселен бұл өнiмдердiң көбi өз елiмiзбен қатар Ресей жəне Өзбекстан мемлекеттерiне жiберiледi екен. Сонымен бiрге, «Қазақстанда жасалған» деген логотиптер облыстың мыңнан астам кəсiпорындарында қолданылуда. Баяндамашының басты назар аударған бағыттардың бiрi — техникалық кəсiптiк бiлiм беру жүйесi мен еңбек нарығына қажеттi кадрларды даярлау мəселесi. Бұл орайда, облыста 4 техникалық кəсiптiк колледж бiлiм беруде жəне облысқа аса қажеттi жоғары бiлiмдi мамандарды даярлау мақсатында ұйымдастырылған облыс əкiмiнiң гранты бар екендiгiне тоқталды. Ағымдағы жылдың басынан берi тегiн техникалық кəсiптiк бiлiм беру жобасы енгiзiлiп жатқанына назар аударылды. Басқарма басшысының баяндамасында Елбасы «Нұр Отан» партиясының он жетiншi съезiнде алға қойған бес бағыт бойынша өңiрде жұмыстар қарқынды жүргiзiлiп жатқандығы айтылды.
Саяси кеңес бюросының отырысында iшкi iстер департаментi жергiлiктi полиция қызметiнiң бастығы, полиция подполковнигi Серiк Баймұқановтың ағымдағы жылдың алты айы бойынша өңiрдегi құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары жөнiндегi есебi тыңдалды.
Сонымен қатар, кеңес отырысында облыс бойынша қоғамдық қабылдаулардың, аудандардағы қоғамдық кеңестердiң, бастауыш партия ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстарына қатысты есептер тыңдалып, талқыланды. Кеңес соңында аймақ басшысы аудандардағы партия филиалдарының жұмыс белсендiлiгiн арттыруды тапсырды.