Астанада «Еуразия аптасы» халықаралық форумы өтеді

Астана қаласында 26 тамызда Еуразиялық зерттеулер орталығының қатысуымен «Еуразия аптасы» халықаралық форумы өтеді.

«Еуразия экономикалық комиссиясы» (ЕЭК) және «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университеті форум аясында арнайы сессия өткізбек.

Тақырыбы — «Еуразиялық экономикалық интеграцияның дамуындағы сараптамалық қоғамдастық пен ғылыми және білім беру мекемелерінің рөлі».

Талқылауға мына тақырыптар бойынша болады:

— Еуразиялық экономикалық интеграцияның дамуындағы сараптамалық қоғамдастықтың, ғылыми және білім беру мекемелерінің қазіргі рөлі;

— Қысқа және орта мерзімді келешектегі ЕАЭО дамуының өзекті мәселелері, талап етілетін сараптамалар мен қоғамдық талқылаулар;

— Еуразиялық экономикалық интеграцияның дамуына жауапты сараптамалық қоғамдастық, ғылыми және білім беру ұйымдары мен органдары арасындағы ынтымақтастықтың тиімді форматтары;

— Еуразиялық экономикалық интеграция бойынша мамандарды тиімді әзірлеудің келешегі.

Сессияға тыңдаушы және/немесе баяндамашы ретінде ЕАЭО елдерінің жас ғалымдары, оқытушылары, жоғары білім беру мекемелерінің басшылары және қызметкерлері, тәуелсіз сарапшылар, БАҚ аналитикалық шолушылары, өзге де сараптамалық және ғылыми ұйымдардың өкілдері шақырылады.

Сессия барысында жетекші өкілдерінің қатысуымен панельдік пікірталас пен дөңгелек үстел ұйымдастырылмақ.

«Еуразиялық экономикалық интеграцияның дамуындағы сараптамалық қоғамдастық пен ғылыми және білім беру мекемелерінің рөлі» сессиясы 26 тамыз күні 12:00-16:00 аралығында «ЭКСПО-2017» көрмесінің Конгресс-орталығында өтеді.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз