Қазақстандық 10 боксшы Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Филиппин елінде бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының 10 боксшысы ширек финалға өтті.

©novadoba.com.ua

50 келі салмақта өнер көрсеткен Талғат Сырымбетов қарсыласын уақытынан бұрын ұтты.

Ал 60 келіде сынға түскен өреніміз Бекзат Ерімбет ирандық қарсыласын жарыс жолынан шығарды.

46 келіде жұдырықтасқан Ақылбек Мұхтаров қырғызстандықтан айласын асырса, 54 келіде ел намысын қорғап жүрген Айтжан Әшірхан Моңғолия боксшысын 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Азия чемпионатының үш күндік қорытындысы бойынша ширек финалға Қазақстан мен Өзбекстаннан 10 боксшыдан шығып, көш бастап келеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version