Басты бет Жаңалықтар Зарина Дияс WTA турнирінің ширек финалына шықты

Зарина Дияс WTA турнирінің ширек финалына шықты

Ұлыбританияның Манчестер қаласында WTA санатындағы халықаралық турнир өтіп жатыр.

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда аустралиялық теннисші Арина Родионованы ұтты. ойын 1 сағат 6 минутқа созылып, Зарина Дияс қарсыласын екі сетте де қапы қалдырды. Бірінші сетте 6:2, екінші сетте 6:3 есебі тіркелді.

Енді ол ширек финалда Польша елінің теннисшісі Магдалена Фрешпен кездеседі. WTA рейтингісі бойынша Зарина Дияс қазіргі  207-орында болса, қарсыласы 264-орында тұр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version