Жүгері
Жүгері В, С, РР дәрумендеріне бай. Сондай-ақ оның құрамында фосфор, калий, йод пен молибден элементтері кездеседі. Жүгері адам ағзасындағы зат айналымын реттеуге көмектеседі. Оны күнделікті тұтыну адамды сергек қылып, бойына қуат береді.
Қауын
Қауынның 16-18 пайызы қанттан тұратындықтан, ол крахмал мен ақуызға бай. Фолий қышқылының бір күндік нормасын 150 грамм қауын жеу арқылы орындауға болады. С дәрумені, минералды тұздар, кремний мен теміржетіспеушілігі кезінде қауынды дәрілік мақсатта қолданады. Қауын қан құрамын қалыпқа келтіріп, жүйкені тыныштандыратын қасиетке ие.
Алма
Алманың пайдасы туралы көп мағлұмат білеміз. Ал тамыз айы нағыз алманың пісетін шағы. С, А және В дәрумендеріне бай жемістің бұл түрі қанды тазалауға, теріге, көру қабілетіне пайдалы.
Бал
Бал құрамындағы фитонцидтің арқасында антисептик ретінде қолданылады. Шығыс елдерінде оны «мәңгілік сұлулық пен денсаулықтың сақтаушысы» деп те атайды. Балдың емдік қасиеті барлық ауруға ем. Аралардың ұясынан бал жинау маусымы күзге қарай, тамыздың соңында басталады. Демек, балғын балдың дәмін осы уақытта тату керек.
Қарбыз
Қарбыздың қандай пайдасы бар екенін бұрын да айтқанбыз. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қарбыз сәл ертерек піскенімен, тамыз айында аталған жемістің саудасы қыза түседі.
Аталған бес жемістің адам ағзасына келтірер пайдасы орасан зор. Жаздың жайдары күнінде жақсы тамақтанып, қысқа азық жинап алыңыз.