«Бизнес по-казахски 2» Лос-Анджелесте түсіріліп жатыр

"Бизнес по-казахскидің" жалғасы ретінде Лос-Анджелесте «Қазақша кәсіп Америкада» фильмі түсіріліп жатыр.

©newsforyou.ru

Фильмнің қоюшы-режиссері қайтадан Жеңісхан Момышев, бас продюсері — Нұрлан Қоянбаев.

Лос-Анджелестегі түсірілім 20 күнге созылмақ. Басты рөлдерді Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаев, Қажет Смағұлов, Гүлназ Жоланова және Әбунасыр Серіков сомдаса, жобаның жаңа кейіпкерлері ретінде шетелдік актерлер ойнайды. Олардың есімдері әлі белгісіз.

Картина директоры Рустам Юсупов: «Түсірілім жақын күндері басталады. Қазір локациялар таңдау, сценарийді оқу сияқты дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — дейді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version