Басты бет Жаңалықтар Нұрлан Қоянбаев «Қазақстан» телеарнасының бас продюсері болды

Нұрлан Қоянбаев «Қазақстан» телеарнасының бас продюсері болды

Нұрлан Қоянбаев "Қазақстан" РТРК бас продюсері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрлан Қоянбаевтың айтуынша, бұл қызметке ол ақпан айының басында келген. Ол енді алдағы уақытта телерадиокорпорацияның бас продюсері қызметі мен «Түнгі студияда» шоуының жүргізушісі жұмысын қатар атқарады.

«Алдымызда міндет көп. Өзіміз өндірген шоу-бағдарламаларды көптеп шығарғымыз келеді. Өзіміз өндірген сериалдардың санын арттырғымыз келеді», — деді шоумен.

Айта кетейік, Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» шоуына Президент Нұрсұлтан Назарбаев келіп қатысты. 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version