Қажылық сапары Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан тікелей рейспен орындалады. Сапар қыркүйек айының 6-10 аралығында аяқталады. Республика бойынша 2500 адам қажылыққа баруды жоспарлап отыр. Оларды Меккеге апаруды 16 туристік агенттік іске асырмақ.
Еске сала кетейік, 2016 жылы елімізден 3 мың адам қажылыққа барды. Ал Сауд Арабиясы үкіметі биыл қажылыққа келетіндердің санын өткен жылғыдан гөрі 800 мыңға арттырып, олардың санын 2,6 млн адамға жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ өткен жылы Қазақстаннан қажылыққа баратындарды әуе тасымалдауы бағытында мәселе туындаған. Биыл «Scat» әуе компаниясы Сауд Арабия жағымен ортақ келісімге келіп, тиісті рұқсат алып отыр.