Бердібек Сапарбаев қытайлық аудармашыны қалай састырды? (видео)

Желіде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қытайлық аудармашыны састырғаны туралы видео жарияланды. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Видеода Сапарбаев қытайлық аудармашыға «Қазақстандағы мемлекеттік тіл қандай тіл?» деп сұрақ қояды.

Ал аудармашы «қазақша және орысша» деп жауап береді.

Содан соң, әкім басын шайқап, сұрақты қайтадан қояды. Аудармашы да дәл солай жауап беруден танбады. Осыдан соң, әкім Қазақстандағы мемлекеттік тіл қазақ тілі, ал  орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі екенін ескертеді.

Дереккөзnur.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!