Әншінің «Күнім, сен сөнбеші» атты әніне түсірілген бейнебаян көрермендерді бей-жай қалдырмады.
Бейнебаянға түскен Марлен мен Әнел — шынайы өмірден алынған атыраулық ғашықтар. Қос ғашық басты рөлді сомдаған бейнебаян небәрі үш күнде миллион мәрте қаралып, елімізде бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Ерке Есмаханның “Қайда?” әні миллион қаралымды бес күнде жинаған болатын.
Әнші Ернар Айдар басты рөлді сомдаған ғашықтарға шексіз риза екенін айтады.