Өзбекстан Бас прокуратурасы Гүлнәр Каримованың екі қылмыстық іс бойынша мемлекетке және оның азаматтарына бір жарым миллиард доллар зиян келтіргенін хабарлап отыр.
«Г.Каримоваға Өзбекстан Республикасы қылмыстық кодексінің 168, 178, 182, 189, 228 және 243 баптары бойынша айып тағылды және оған қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Г.Каримоваға іс бойынша жиналған дәлелдер негізінде айып тағылып отыр, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтар , куәгерлер, жәбірленушілердің жауаптары және ұйымдасқан топтардың қол астындағы 14 фирма мен 16 оффшор компанияның қызметін тексеру материалдары, алынған жазбаша және заттай айғақтар мен сараптамалардың қорытындысы бар», — деп жазылған сайтта.
Еске салайық, Гүлнәр Каримова – 2016 жылдың қазан айында қайтыс болған Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың қызы. Мемлекет басшысының қазасынан кейін, елде Гүлнәр Каримова көз жұмды деген сыбыс тараған болатын.