Басты бетҚоғамБірыңғай мектеп...

Бірыңғай мектеп формасының қандай болатынын министрлік шешпейді — Ерлан Сағадиев

«Бірыңғай мектеп формасы болуы керек. Ол біздің бұйрығымызда бар. Бірақ оның қандай болатынын мектеп өзі шешеді»,- деді Ерлан Сағадиев бүгінгі баспасөз конференциясында.

Министрдің айтуынша, бірыңғай форманың түсін, пішінін, қай жерде тіктіріліп, қанша теңгеге алатындарын мектептің ата-аналар комитеті жиналып, шешуі керек. Егер қандай да бір ата-анаға бұл форма ұнамаса, мектепке жүгінеді.

«Бұл мәселені мектепте шешуге болады. Сондай-ақ, бір қаладағы барлық мектептің формасы бірдей болуын әкімшілік шешеді. Министрліктің оған қатысы жоқ»,- деді Ерлан  Сағадиев.

Айта кетейік, 2017 жылдың 1 қыркүйегінде елордалық оқушылар мектепке бірыңғай формамен барады.