«Биыл серпіндіктер облысымыздағы алты колледжге қабылданады. Атап айтар болсақ, Павлодар технологиялық колледжі, Павлодар химия-механикалық колледжі, Павлолдар бизнес колледжі, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі, Красноармейка аграрлық колледжі және Баянауыл аграрлық-техникалық колледжі. Осы оқу орындарға түскен жастар технология, инспектор, техник-механика, техника-энергетика, ветеринарлық техника және ауыл шаруашылығына қажетті тракторшы, машинист мамандықтары бойынша білім алады, — дейді беру басқармасы техникалық-кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Салам Обазова.
Маманның айтуынша, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарынан келуге ниеттенген түлектердің құжаттары қабылданып жатыр.