ХҚКО сегіз бөлімнен тұрады. Олар: операциялық зал, өзіне-өзі қызмет көрсету, жинақтық бөлім, әлеуметтік қызмет, құжаттандыру, азаматтарды тіркеу бөлімі, дайын құжаттарды беру және кеңес беру бөлімдері.
Connection Point деп аталатын өзіне-өзі қызмет көрсеу бөліміде азаматтар барлық электронды қызмет түрлерін қолдана алады. Ол арқылы балаларды балабақшаға кезекке қоюға, мекен-жай анықтамасын, зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы алып, некеге тұруға өтініш беруге болады.
Айта кетейік, аталған ХҚКО Алатау ауданында тіркелген азаматтарға арналған.