Басты бетЖаңалықтарДемалыс күндері...

Демалыс күндері ауа температурасы жоғары болады

«Демалыс күндері еліміздің солтүстігінде  өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. екпінді жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында ауа температурасы +33 — +38ºС шамасында, кей жерлерде 42ºС-ке дейін жоғарылайды. ал оңтүстік-шығыс пен орталықта  ауа температурасы + 30 — +38°С шамасында болады деп болжануда», — деп хабарлайды Қазгидромет.

Астанада 22 шілдеде көшпелі бұлт шығады, алайда жауын-шашын болмайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +14- +16°С, күндіз +28- +30°С шамасында.

23 шілде күні де көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде +16- +18°С, күндіз +31- +33°С көрсетеді.

Елордада 24 шілде күні оңтүстік-батыстан есетін желдің бағыты солтүстік-бағытқа ауысады. Ауа температурасы түнде +19- +21°С, күндіз +31- +33°С болады.