Басты бетЖаңалықтарМемлекеттік қызметкерлер...

Мемлекеттік қызметкерлер артық жұмыс істемейді — Айгүл Шайымова

Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәжiлiсiнде Айгүл Шайымова мемлекеттiк қызметкерлердiң демалыссыз, күнi-түн жұмыс iстейтiнi туралы пікірді жоққа шығарды.

«Мемлекеттiк органдардың қызметiн бағалағанда жұмыс уақытына мән беріледі. Мемлекеттiк қызметкерлердің бәрі артық жұмыс істейді деп айтуға болмайды. Қызметкерлердiң жұмыс орнына кіріп-шығу жүйесiнiң ресми деректерiне сүйенсек, ең көп артық жұмыс iстеу уақыты — 1 сағат 19 минут болған. Негiзiнен қызметкерлер жедел тапсырма болғанда ғана жұмыстан кеш шығады. Сондықтан, барлық мемлекеттiк органда осындай жағдай қалыптасқан деген пікір жаңсақ», — дедi Айгүл Шайымова.

ДереккөзBaq.kz