«Серпін» жобасы аясында 4 513 оқу гранты бөлінді

Бөлінген гранттардың 3 793-і жоғарғы оқу орындарында (оның ішінде білім саласында оқу үшін – 1550, техника ғылымдары және технологиялар —  1898, ауыл шаруашылығы ғылымдары, ветеринария бағыттары бойынша – 345) бөлінсе, 720 грант  колледждерде оқуға арналған.

«Серпін» жобасына Маңғыстау, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстары жастарының түлектері ғана қатыса алады.

Жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау келесі орындарда жүргізіледі:

Алматы облысы:

  • Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті;

Жамбыл облысы:

  • М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;
  • Тараз мемлекеттік педагогикалық институты;
  • Тараз инновациялық – гуманитарлық университеті;

Қызылорда облысы:

  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;

Маңғыстау облысы:

  • Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті;

Оңтүстік Қазақстан облысы:

  • М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті;
  • Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты.

Колледждерге түсу үшін:

  • Алматы облысында Талдықорған сервис және технология колледжі;
  • Жамбыл облысында Жамбыл политехникалық колледжі;
  • Қызылорда облысында М. Ықсанов атындағы политехникалық колледжі;
  • Маңғыстау облысында Ақтау қаласы Энергетикалық колледжі және Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің ғимараты;
  • Оңтүстік Қазақстан облысында Жастар ресурстық орталығына құжат тапсыру керек.
ДереккөзSerpin.kz