Ақтаудың жаңадан салынған жүргіншілер жолы Гиннестің Рекордтар кітабына енуі мүмкін. Өйткені, су жаңа веложолдың ашылғаны күні кеше ғана еді. Бірақ, арада тіпті, 24 сағат өтпей, әлгі жол бүгін қақ ортасынан опырылып түскен. Алайда, бюджеттен бөлінген сіз бен біздің 45 миллион теңгемізге салынған жарамсыз жолды қалпына келтіруге асығып отырған ешкім байқалмайды. Өйткені, сапасыз жол үшін қатаң жазаға тартылатын заң ол басқа елдерде. Ал, біздегі компаниялар бір жұмысты екі рет істеуге әдеттеніп алған сияқты.
Халық көптен күткен веложол күні кеше қолданысқа берілген болатын. Өкінішке қарай, бүгінгі көрінісі мынадай. Анау-мынау емес, 45 миллионтеңгеге салынған веложол бір күннен кейін опырылып түсті. Үлкен ойықтар пайдаболып, жаяу жүргіншілерге кедергі келтіруде. Ал, жауапты мекеме жолдың жыртығынжамауға асығар емес.
Оқиға орнында мына отырған екі қызметкерден басқа жанталасып жол жөндеп жатқан адам болмады. Веложол опырылған күйі әлі тұр. Тұрғындар қазір екі ойлы. Бірі сапасыз жолдан жапа шегеміз деп алаңдаса, кейбіреулері ауаға ұшқан миллиондарды ойлап, жауапты мекемені сынға алды.
Өңірдегі «Минианк» серіктестігі өткен жылы велосипедшілер жолының жанынан техникалық және ауыз су құбырын тартқан. Кеше құбырдан ақау шығып, су далаға ағылды дейді, жауапты мекеме басшысы. Топыраққа су тез сіңіп, кесіріненвеложол төмен түсіп кеткен екен.