Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Түркия 2 мыңға жуық қазақстандыққа елге кіруге тыйым салды

Түркияға кіруге тыйым салынған азаматтардың саны ©TÜRKİYE’NİN DEAŞ İLE MÜCADELESİ баяндамасынан

Баяндамада Түркияның халықаралық терроризммен күрес барысында бірқатар елдердің террористік ұйымдармен байланысы бар азаматтарына елге кіруге тыйым салатыны хабарланған.

Түріктердің Ішкі істер министрлігі 2014 жылдан бастап террористермен байланысы бар деген күдікпен 17 500 шетелдікті тексерістен өткізген. Оның 4 550-ін елден шығарып жіберген.

Қазіргі таңда Түркияның «қара тізіміне» осындай күдікпен 53 781 адам енгізілген. Оның 1 917-і қазақстандық, 4 128 — ресейлік, 2 651 — тәжікстандық, 1 677-сі әзірбайжандық азаматтар. Тізімде Сауд Арабиясының азаматтары көп. Олардың саны — 7 523. Ал еуропа елдерінен 2 622 франциялық азаматтарға Түркияға кіруге тыйым салынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *