Бүгін Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м\с, күндіз 25 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, таңертең тұман болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында да желдің күшейіп, бұршақ жауады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қаупі әлі де болса сақталады.