Басты бет Жаңалықтар Өскеменде «Нұрлы жол» саябағы ашылды

Өскеменде «Нұрлы жол» саябағы ашылды

Өскемен қаласына сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» саябағының ашылу салтанатына қатысты.

©inform.kz

Жаңа саябақ бұрын бос жатқан жер учаскесіне салынған. Оның жобасы ландшафтты дизайнда жасалды. «Нұрлы жол» саябағында драма театры, мектеп пен оңалту орталығынан тұратын заманауи кешен орналасқан.

«Алдағы уақытта саябақтың жанынан көпқабатты үйлерден тұратын тұрғын үй кешенін саламыз», — деді монумент архитекторы Сәрсен Сейітов.

Саябақтағы ең басты кешен — «Нұрлы жол» атты басты монумент. Сәрсен Сейітовтің айтуынша, монументтің екі стелласы еліміздің туымен түстес, бұл Еуропа мен Азия құрлықтарының тоғысуын білдіреді. Оларды шаңырақ біріктіріп тұр. Стелланың үстіне алтын түстес Қыран құстың бейнесі жасалған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version