Астана Азиядағы ең үздік бес мекеннің бірі болып танылды

Үздік деп танылған мекендердің көшін қытайлық Ганьсу провинциясы бастады. Ал Қазақстанның астанасы - үздік бестіктің ішінде. 

Көрнекі сурет
Lonely Planet сайты Азияның ең үздік мекендерінің ондығын жасады. Бірінші орынды Ганьсу провинциясы бастаса, екінші орынға жапондардың Иокогама қаласы жайғасты. Үштікті Үндістандағы Керала штаты аяқтады.

Ал, Астана қаласы үздіктердің рейтингінде 5-орында тұр. Lonelyplanet.com қала туралы «Қазақстанның кең байтақ даласының үстінен ұшып келе жатқанда көзіңе жазық далада салынған әдемі қала көзге түседі. Онда алтын түстес шатырлар мен әйнек ғимараттар көп», деп жазады.

Авторлар Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесі өткізіліп жатқанын да атап өткен. Елордамыздың үздіктердің қатарына енуіне оған 45 елдің азаматтарының визасыз кіре алатыны да себеп болып отыр екен.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version