«Қазақ хандығы» сериалының жалғасын қыркүйекте түсіреміз — Рүстем Әбдірашев

Рүстем Әбдірашев бұл жобаны түсіру үлкен жауапкершілік пен мақтаныш екенін айтып берді.

«Қазақ хандығы» сериалы халқымыздың тарихқа деген қызығушылығын оятты. Шығармашылық топтың атына көптеген алғыс хаттар келіп түсті, ғаламтор және әлеуметтік желілер арқылы жылы лебіздер алдық. Көптеген пікірталастар болды және сын да айтылды. Осы жобаның жалғасы түсірілгенін біз де қарапайым көрермендер де қалап отыр. Мен үшін бұндай жобаны түсіру үлкен жауапкершілік пен мақтаныш. Сондықтан да, «Қазақ хандығы. Алтын тақ» деген шартты атаумен сериалдың екінші маусымын қолға алғанымыз туралы қуана хабарлаймыз» – деді ол.

Фильмнің жалғасы  Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілмек. Картинаның екінші маусымындағы оқиға Жәнібек ханның қайтыс болуына дейінгі аралықты қамтиды. Сценарий авторлары – Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов және Рүстем Әбдіраш. Сондай-ақ, фильмге алғашқы маусымдағы негізгі актерлардан басқа тағы 5-6 кейіпкерлердің қосылмақ.

Айта кетейік, екінші маусым «Қазақ хандығы. Алтын тақ» деген атаумен жарық көрмек. Көрермендер қазақтардың сол кездегі мәдени және экономикалық астанасы — Сығанақ қаласындағы оқиғаны тамашаламақ.

Дереккөзkazakhfilmstudios.kz