Басты бетМәдениет«Қазақ хандығы....

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің DVD нұсқасы сатылымға шықты

Отандық туындының DVD нұсқасының алғашқы топтамасын көпшілікке режиссер Рүстем Әбдірашев, продюсер Арман Әсенов және «Меломан» компаниясы ұлттық жобалар департаментінің директоры Низами Мамедов ұсынды.

Естеріңізде болса, «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» киносының толық нұсқасы 2016 жылдың желтоқсанында көрерменге көрсетілген еді. Фильмнің мазмұны негізінен Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы желісі бойынша түсірілген.

Айта кетейік, аталмыш дискті  «Меломан» дүкендер желісінен сатып алуға болады. DVD-дің бағасы — 1295 теңге.

ДереккөзBrod.kz