2017 жылы Қазақстанда Конституция күні мен Құрбан айт мерекесіне бір-бір күннен демалыс беріледі.
Конституция күніне байланысты қазақстандықтар 30 тамыз, сәрсенбі күні демалады.
Ал Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні 1 қыркүек қасиетті жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан, жұма, сенбі және жексенбі күндері демалыс беріледі.
Аталған мерекелерге орай қазақстандықтар бас-аяғы төрт күн демалыс алатын болады.