Басты бетЖаңалықтарАқтөбеде "бір...

Ақтөбеде «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін орталық ашылды

Сарапшы мамандар тұрғындардың құқық қорғау органдарының қызметіне көңілдері толмайтынын анықтаған. Сондықтан, азаматтардың мемлекеттік және құқықтық органдарға деген  сенімін нығайту үшін прокуратура жанынан  кешенді орталық ашу туралы  шешім қабылданды.

Кешенді орталықта кез келген құқықтық мәселе бойынша кеңес алуға болады. Прокурорлар, полиция қызметкерлері мен  әділет органдарының өкілдері, медиаторлар мен  әкімдік мамандары «бір терезе» қағидасы арқылы бір жерде қызмет көрсетеді. Заманауи орталық  толықтай электронды жүйемен жабдықталған.

Дереккөз24.kz