Басты бет Жаңалықтар 14 шілде: жаңбыр жауады

14 шілде: жаңбыр жауады

Қазгидромет орталығы бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауатынын хабарлады.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Жел күшейіп, оңтүстік-батыста тұман түседі. Тек батыс аймақтарда ғана ауа райы жауын-шашынсыз.

Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысында да бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында  өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version