Басты бет Жаңалықтар «Денсаулық» пойызы Маңғыстау өңіріне келді

«Денсаулық» пойызы Маңғыстау өңіріне келді

2017 жылғы мамыр айының соңына дейін Маңғыстау өңіріндегі теміржол бойында орналасқан елді мекендерде білікті медициналық көмектер көрсету жоспарланған.

7 мамырға дейін «Денсаулық» консультативті-диагностикалық медициналық пойызында Маңғыстау облысының Тұрыш, Сам, Бейнеу, Ақжігіт, Үстірт, Сай Өтес, 10 разъезд, Шетпе бекеттерінің тұрғындары тексерістен өтті.

Облыстық ТЖД мәліметіне сай, барлығы медициналық көмекпен 2990 адам қамтылды, оның 2124 — балалар. Тұрыш ауылында — 259 адам, Сам стансасында -175, Бейнеуде — 833, Ақжігітте — 523, Үстіртте — 327, Сай Өтесте — 375, 10 разъезде — 87, Шетпеде 411 адам көмекке жүгінді.

«Денсаулық» пойызы барлық қажетті диагностикалық аппаратурамен жабдықталған және ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ-ның жоғары білікті медициналық кадрлары, атап айтқанда, 18-ден астам дәрігер мамандары қызмет көрсетеді.

Дәрігерлер интернет және телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ республикамыздың және ТМД жетекші ғылыми медициналық орталықтарымен online режімінде науқастарға консультация беруге арналған телемедициналық жабдықпен жарақталған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version