Көлік салондарының табысы — 180,7 миллиард теңге. Оның 50,6 миллиард теңгесіне қазақстандықтар көлік сатып алған.
Сыртқа экспортталған өнімді қосқанда маусым айында 5172 көлік сатылған. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 34 пайызға артық. Мамыр айында 3868 көлік сатылған болатын.
Toyota маркалы автокөліктер еліміздегі көлік нарығында жоғары сұранысқа ие. Одан кейін Lada, UAZ, Ravon мен Renault автокөліктері көп өтеді.
Соңғы уақытта SsangYong (146%), Renault (71%), Chevrolet (59%) пен JAC (44%) көліктеріне сұраныс артып, керісінше Skoda (-40%), Infiniti (-46%) мен Ford (-57%) көліктеріне сұраныс төмендеген.
Соңғы маусым айында қазақстандық көліктерге деген сыртқы сұраныс айтарлықтай артқан. Маусым айында шетелге сатылған көліктердің саны — 584. Мамыр айында аталған көрсеткіш 47 көлік болған. Соңғы алты айдың ішінде Қазақстанда құрастылған 925 көлік сыртқа сатылды.